Türkçe | English | Pусский | Azerice | ქართული
7/24 Call Center
0216 538 80 80
support@gantek.com
КӘСІБИ ҚЫЗМЕТТЕР

Gantek компаниясы құзыретті әрі тәжірибелі мамандар тобының қызметтерін ұсына отырып, бизнес-талдаудағы және үдерістерді талдаудағы қажеттіліктерге, орнатуға, қолдауға, қызмет көрсетуге, оқытуға, кеңес беруге тиімді әрі жылдам әрекет етеді.

Аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыруды орнату

Gantek компаниясының сатылымнан кейінгі орнату кеңесі клиент анықтаған баптауларға сәйкес аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыруды орнату бойынша қызметтерді қамтиды.

Сонымен бірге клиенттердің орнату кезінде немесе одан кейін аппараттық және бағдарламалық қамсыздандырумен байланысты салалардағы үдерістердің тиімділігіне қол жеткізуі үшін қысқаша тренингтер өткізіледі.

Қолдау және жаңарту

Дүние жүзінде мойындалған сертификаттары бар көптеген тәжірибелі инженерлік-техникалық қызметкерлерден тұратын Gantek компаниясының қолдау тобы жылдам, тиімді, сенімді жүйені, Түркияда және біз жұмыс істейтін басқа елдерде аппараттық және бағдарламалық қамсыздандыруды қолдауды қамтамасыз етеді.

Gantek компаниясы жұмыс орындарында 7*24 режимінде жоғары дәрежелі қолдауды ұсына отырып, қызмет көрсетудің жеке келісімдері аясында кәсіпорындардың өтініштеріне жылдам жауап беру арқылы клиенттерді жоғары деңгейде қанағаттандырады.

Миграция сервистері

Gantek компаниясының мәліметтер миграциясы сервистері бизнес-үдерістерді үзусіз шығындарды азайту, инфрақұрылымды оңтайландыру және тиімділікті арттыру секілді артықшылықтарды ұсынады.

Сыртқы басқару қызметтері

Gantek компаниясы сыртқы басқару қызметтері аясында ақпараттық технологияларды басқаруды құзырлы және тәжірибелі топтарға тапсыруды жөн көретін корпорациялардың талаптарына жауап береді.

Оқыту

Gantek компаниясы өз шешімдерін тиімді пайдалану үшін тренингтер өткізеді және мұндай оқыту қызметтері корпорациялардың қажеттіліктеріне сәйкес бейімделеді.

Gantek компаниясы Oracle, Symantec және Subex секілді жүйелік шешімдерді даярлау бойынша өз серіктестерінің өнімдері бойынша оқыту қызметтерін ұсынады.

Аутсорсинг

Gantek компаниясы клиенттерге қызмет көрсету деңгейі туралы келісімдер (ҚДК) аясында үздіксіз қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді. Gantek компаниясы клиенттерді техникалық бөлшектермен алаңдатпай және корпорацияларға келесі салаларда аутсорсинг қызметтерін ұсына отырып, талап етілетін қызметтерді ұсынуға тырысады:

- АТ-инфрақұрылым аутсорсингі;
- кеңселік автоматизацияның анықтамалық қызмет аутсорсингі;
- мәліметтерді өңдеу орталықтарының операциялары;
- ҚДК негізінде сервистік келісімшарттар;
- ресурстарды бірлескен және қолжетімді үйлестіру.

Кеңес беру

Клиенттердің бизнес-үдерістерінің талдауларын және АБТ-шешімдері және корпоративтік бизнес-шешімдер саласындағы олармен байланысты мәселелерді пайдалана отырып, Gantek компаниясы анағұрлым лайықты шешім ұсынуға тырысады. Сәйкес кеңес беру қызметтері клиенттердің қажеттіліктеріне жауап беретін шешімдерді анағұрлым тиімді түрде анықтайды және қажет жағдайда бұл шешімдер түрлі технологиялардың бірлесіп қолданылуымен бірге құрастырылады.