Türkçe | English | Pусский | Azerice | ქართული
Біз туралы

1987 негізін қалаған Gantek Technology Түркиядағы АБТ (ақпараттық және байланыс технологиялары) саласындағы жүйелік интеграцияның ең алғашқы және ең беделді компаниялардың бірі және кәсіпорындары  10-нан астам елде орналасқан халықаралық компания болып табылады.

Мықты команда және экожүйе саласында жүйелік шешімдерді даярлау бойынша серіктестер арқасында Gantek компаниясы жоғары деңгейдегі және ауқымы мол тәжірибені көрсетеді.

Ақпараттық және байланыс технологиялары қоғамдық өмірдің түрлі салаларына енген ширек ғасыр барысында Gantek компаниясы осы технологияларды бизнес-үдерістерге біріктіру бастамашысы болды және түркия экономикасын АБТ арқылы дамытуда ерекше рөл атқарды.

Компанияның операциялық тиімділігі мен өнімділігін арттыратын шешімдердің ауқымды қоржынының арқасында Gantek Түркия мен Еуразияның жетекші ұйымдарына қызмет көрсетуде.

Негізгі кеңселері Ыстамбұлда орналасқан, ал жергілікті операциялар Албанияда, Әзірбайжанда, Грузияда, Қазақстанда, Солтүстік Кипрде, Молдовада, Непалда, Өзбекстанда, Тәжікстанда және Түркіменстанда орындалады.

Ақпараттық технологияларды дамытумен қатар өзінің бизнес-шешімдер қоржынын толтыра отырып, Gantek компаниясы жаңа бизнес-үдерістерге АБТ біріктіруді жеделдетуде. Жүйелік интеграцияның табысты компаниясы бола отырып, Gantek серіктестермен ынтымақтастықта клиенттердің қажеттіліктері үшін кешенді шешімдер ұсынады.

Gantek компаниясы жүйелік шешімдерді даярлау бойынша серіктестерімен бірге сервер, мәліметтер дерекқоры, виртуалдау, қауіпсіздік қосымшалары, ақпараттық технологиялардағы бұлттық есептеулер, телекоммуникациялық ресурстар және кірістерді басқару, OSS/BSS класының телекоммуникациялық шешімдері және бірлескен бизнес-шешімдердегі платформааралық бағдарламалық қамсыздандыру шешімдері секілді өнімдер мен қызмет көрсетудің кең таңдауын ұсынады. 

Gantek компаниясы 7x24 режимінде өткізу, қолдау көрсету және қызмет көрсетуді, оқыту және кеңес беруді, сондай-ақ өз клиенттері үшін кәсіби қызметтер аясында аутсорсинг қызметтерін қамтамасыз етеді.

Жыл сайынғы тәуелсіз аудиттерді, ISO стандарты бойынша қызмет көрсету сапасын сертификаттауды өткізу жағдайында, басқару құрылымына және Түркияның жаңа сауда-саттық заңнамасына сәйкес орындалған тексеріс барысында алынған нәтижелерге ие бола отырып, Gantek компаниясы компанияны басқарудың жаһандық басқару стандарттарына сай компания болып табылады.