Türkçe | English | Pусский | Azerice | ქართული
Gantek компаниясында еңбек ресурстарын басқару тәжірибесі

Мансаптық өсім және кәсіби даярлықты басқару
Қызмет бойынша қозғалу және тағайындауды Gantek компаниясының атқарушы комитеті төмендегілер арқылы жүзеге асырады:

- өнімділік көрсеткіштерін бағалау;
- сәйкес лауазым үшін құзыреттілікті тексеру.

Бөлімше менеджері мен Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім менеджеі арасындағы талқылаудан кейін Персоналды дамыту жоспарының нысандарына сәйкес әрбір қызметкер үшін жыл сайын мансаптық өсім жоспары әзірленеді.

Gantek компаниясы салааралық ауысымдарды және шетелдегі кеңселерде жұмысқа тұру мүмкіндіктерін қамтамасыз етеді. Компанияда бос орындар туралы жарияланады және Gantek компаниясының қызметкерлерінің жұмысқа тұру туралы өтініштері артықшылыққа ие.


Іріктеу және лауазым тағайындау
Gantek компаниясына жұмысқа тұру бос орындарды қамтитын жыл сайынғы персоналды пайдалануды жоспарлаумен сәйкес орындалады. Өтініш беру кезіндегі бірінші қадам бос лауазымдар бойынша түйіндеменің лайықтығын бағалау болып табылады.

Жұмысқа тұру үдерісі персоналмен жұмыс жөніндегі менеджермен және бөлімдердің сәйкес менеджерлерімен сұхбаттасуды, жеке қасиеттерді бағалауды және кейбір лауазымдар үшін техникалық тестілеулерді қамтиды.

Өтініштер LinkedIn арқылы және job@gantek.com мекенжайына электрондық пощта арқылы түйіндеме тастау немесе осыған дейінгі жұмыс берушілерден ұсыныс хаттар жолдау арқылы барлық әрекет етуші елдерде қабылданады; Түркия үшін қосымша Kariyer.net. сайты бар.

Сонымен бірге, Gantek компаниясының қызметкерлерінен ұсыныс хат алған кндидаттар іріктеу және лауазымға тағайындау үдерісіне ілінген. Егер лауазымға Gantek компаниясының қызметкерінің ұсыныс хаты бойынша тағайындалатын болса, мұндай қызметкер сыйлықтармен марапатталатын болады.


Қызмет ету және дамуды бағалау

Gantek компаниясының қызметін және дамуын бағалау жүйесі келесі міндеттерге жетуді көздейді:

- қызметкерлердің жұмыс тиімділігін стандартталған және шынайы бағалау;
- корпоративті мақсаттарды жеке мақсаттармен келістіру және оларды жүзеге асыру;
- қызметкерлермен кері байланыс;
- қызметкерлердің оқытудағы және біліктілігін арттырудағы қажеттіліктерін анықтау;
- еңбек ақы және сыйақылар жүйесін ұйымдастыру;
- мансаптық өсім жоспарларын құру;
- жұмысқа орналасу үдерісінің тиімділігін өлшеу;
- жұмыс үдерістеріндегі қателіктерді анықтау.

Өнімділік көрсеткіштерін бағалау мақсаттық көрсеткіштерге, міндеттер мен құзыреттіліктер шеңбері үшін өлшемшарттарға негізделген. Шілдедегі аралық бағалау кезінде сәйкес бөлімше басшысы мен қызметкер сұхбат өткізеді, жұмысшы ауызша кері байланыс алып, бірінші алты ай бойы мақсаттары мен өлшемшарттары бойынша сыналады.

Тиімділік көрсеткіштері қаңтарда өткізілетін негізгі бағалауда анықталады. Қызметкер және сәйкес бөлімге басшысы қызметкердің алдыңғы жыл үшін жұмысын бірігіп бағалайды да, көрсеткіштері жоғары қызметкерлер ынталандыру, тағайындау, оқыту бонусы және т.б. түрінде сыйақыға ие болады.


Оқыту және біліктілікті арттыру
Gantek компаниясында оқыту және біліктілікті арттыру төмендегілерді ескере отырып анықталады:

- әрбір лауазымға қажетті техникалық білімдер және машықтар;
- әрбір лауазымға қажетті құзыреттіліктер;
- өнімділік көрсеткіштерін бағалау.

Жоғарыда келтірілген факторларға негізделген ақпарат оқытуды техникалық және кәсіби даму, сонымен бірге тұлға дамуы үшін жоспарлауды қалыптастырады.

Кәсіби даму бойынша тренингтер адамның және/немесе топтың қажеттіліктеріне сәйкес даярланған және ол сала ерекшеліктеріне тәуелді корпорация/жеке тұлғалар үшін бапталған.

Жеке даму бойынша тренингтер персонал жұмысының анағұрлым жоғары тиімділігі үшін қажет қарым-қатынастарды жақсартуға септігін тигізеді деп жоспарланады.

Әрбір жылдың басында әрбір бөлімше қызметкерлеріне арналған дайындық жоспарлары персоналмен жұмыс жөніндегі менеджермен және бөлімшенің әрбір менеджерімен талқылау нәтижелері бойынша дайындалады. Бұл жұмыста «бағалаушы» және «қызметкер» пікірлері өнімділік көрсеткіштерін бағалау нысандарында қарастырылады.


Еңбек ақыны басқару

Gantek компаниясында еңбек ақы өлшемі әрбір лауазым үшін жұмысты бағалау арқылы және нарықтағы еңбек ақыларды зерттеумен анықталады. Түрлі жұмыс топтарына арналған оңтайлы және әділетті бонустар жүйесі қарастырылған. Бонустар лауазым бойынша ерекшеленіп, белгілі бір жағдайлар бойынша немесе  жыл сайынғы негізде төленеді.

Еңбек ақы таза болып табылады және 12-айлық негізде төленеді. Әрбір жылдың басында еңбек ақы инфляция деңгейіне және қызметкердің алдыңғы жылындағы өнімділігіне сәйкес түзетіледі.

Жеңілдіктер
Жеңілдіктер тағамдану талондарын, тасымалдау қызметтерін және амбулаториялық, сондай-ақ стационарлық емді қамтитын жеке медициналық сақтандыруды құрайды.

Персоналмен жұмыс жөніндегі бөлім құрған Gantek клубы барлық қызметкерлерге ашық болатын және жыл бойына жиі өтетін «Жеке даму бойынша семинарлар», сонымен бірге кино, боулинг, концерт және басқа да әрекеттерді ұйымдастырады.